“Халық заңгері” Республикалық акциясы

202431.05
0

2024 жылғы 30 мамырда еліміздің 200-ге жуық елді мекенінде құқық қорғау органдары, оның ішінде прокуратура, көші-қон полициясы, әділет органдары атынан мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары және заң мамандығының басқа да өкілдері азаматтар үшін тегін заң кеңестерін өткізді.

“Халық заңгері” Республикалық акциясына Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары да қатысты.

Бұл акция Алматы қаласында Каспий университетінде және Д. А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясында, сондай-ақ заң консультациялары мен адвокаттық кеңселерде өтті.

Жүздеген адамдар әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес алу, құжаттарды рәсімдеуге көмектесу, сот процестерінде заңгерлік көмек көрсету және өзге де көкейтесті мәселелерімен кәсіби мамандардан кеңес алуға келді.

“Халық заңгері” акциясы азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған.

Акцияның негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

– Халықтың барлық топтары үшін заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

– Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

– Заң қызметтеріне ақы төлей алмайтын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

– Құқықтық мәдениетті насихаттау және заң жүйесіне деген сенімді арттыру.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.