Бүгін Алмалы аудандық сотында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге арналған дөңгелек үстел өтті.

202410.05
0

Аталған шараға аудандық сот, прокуратура, полиция және адвокатура өкілдері қатысты.

🖌️Дөңгелек үстелді Алмалы аудандық сотының судьясы Қасымбеков Е. өз баяндамасымен ашып, ауданда қарастырылатын істерде қазақ тілін қолдануды дамыту мәселесін көтерді.

🖌️Алмалы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Н.Нұрланұлы қазақ тілінде қаралған істердің статистикасын баяндап, өз тарапынан қазақ тілін дамыту үшін жасалынып жатқан шараларды атап өтті.

🖌️Алмалы аудандық прокуратура және тергеу өкілдері қазақ тілді істерді тергеуде қазақ тілін дұрыс қолдануды барынша қолдарына алып жатқандарын айтып жеткізді.

🖌️Алмалы ауданында орналасқан 2 Заң Кеңесінің меңгерушісі Б. Қадырбекова өз кезегінде адвокаттардың қазақ тілінде іс жүргізуге әрдайым дайын екендігін атап өтті.

🖌️АҚАА Баспасөз басшысы А.Бахтиярқызы соттарда қазақ тілінде қаралатын істердегі қиындықтарды, аударма жағынан әлі де болса жетілдіру мәселесін атап өтіп, қазақ тілін дамыту бәріне ортақ іс екенін алға тартты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.