Алматы қаласының сот жүйесі мен құқық қорғау органдарында қазақ тілін қолдану аясын кеңейту мәселелері мен оларды шешу жолдары

202429.04
0

Мемлекеттік тілдің үлесін нығайту мақсатында Алматы қалалық сотында құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдар және адвокаттардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Онда сот ісін жургізуде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мәселелері қаралды.

 Аталмыш іс-шараға Алматы қалалық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы Н. Бекназаров, қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, сондай-ак, Алматы қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Б. Қалымбет, прокуратура, Жер қатынастары басқармасы, Тұрғын үй қатнастары басқармасы, Әділет басқармасы, Алматы қалалық адвокаттар алқасы, Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкідері қатысты.

Қатысушылар мемлекеттік тілді іс жүргізуде пайдалану және оларды тәжірибеде қолданылу аясын кеңейту жөнінде сөз қозғады.

ҚР Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын дамытуды іске асыру туралы пікірлер мен жаңа ойлар айтылды.

Өз кезегінде Н. Бекназаров мырза мемлекеттік орган өкілдеріне сотқа берілетін талап-арыздарды мүмкіндігінше қазақ тілінде беруге ұсыныс жасады.

Ал Алматы қалалық сотының судьясы М.Абдуталипқызы өз баяндамасында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуді әркім өзінен бастау керек екендігін, аталған мәселені тек жиындардағы сөзбен емес, іспен жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Б.Узакбаевна алматы қалалық адвокаттарының әрқашан да халыққа қазақ тілінде құқықтық көмек беруге дайын екендерін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.