Дүниедегі шынайылық деген не? Бұл – баланың тәтті күлкісі!

202327.12
0

2022 жылдың соңындағы World Giving Index рейтингі бойынша Қазақстан қайырымдылық жасау бойынша 114 елдің ішінде 40-орынға ие болды.

Біздің АҚАА адвокаттары да кетіп бара жатқан жылда тек өздері – ересектерге ғана емес, балаларға да жақсы көңіл-күй мен позитивті көзқарасты сақтауға тырысып, ең жақсыға сене отырып, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруда. Бұл әсіресе онкологиялық бөлімшедегі жас пациенттерге қажет.

Біздің адвокаттарымыз Малик Борисұлы, Карина Көшербаева, Айжан Қосмұратова, Ералы Юсупов АҚАА басшылығының қолдауымен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының балалар бөлімінің балаларын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. !

АҚАА адвокаттары балаларға арналған көңіл көтеретін костюмдер киіп, мерекелік шоу қойды. Мерекелік бағдарламаның шарықтау шегі – тәтті тағамдар тарату болды.

Осыған орай, осы игі іске үлес қосқан барлық AҚАА адвокаттарына ерекше алғысымызды білдіреміз! Сіздердің арқаларыңызда балалар көптеген жағымды эмоцияларға ие болды!

Сондай-ақ, біздің еліміздің шағын футбол командасына 🇰🇿, әсіресе Эдсон Гомес дос Сантос пен Альберт Акбаликовқа алғысымызды білдіреміз! Ол кісілер де балаларға арнап команда ойыншыларының атынан сыйлықтар әкелді. 

Бұл әлемді бірге жақсартайық!

Барлық балалардың дені сау, бақытты болсын!

P.S.: Егер статистикаға жүгінсек, Қазақстан Республикасында жыл сайын орта есеппен 600-ге жуық бала қатерлі ісікпен ауырады. Ал 2022 жылы 585 бала қатерлі ісікке шалдыққан.



Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.