Бүгін, 2023 жылдың 12 желтоқсанында, АҚАА Аттестаттау комиссиясы өз жұмысын бастады
Адвокаттарды аттестаттау олардың кәсіби білімдерінің, құқықтық мәдениетінің деңгейін, кәсіптік әдебі нормаларын сақтауын жәнеадвокаттық қызметпен айналысатын тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында өткізіледі.
Адвокаттар әр 5 жыл сайын кезекті аттестаттаудан өтеді.
Аттестаттау комиссиясының отырысына аттестатталатын адвокаттың келуі міндетті.
«Аттестатталмаған» шешім қабылданған Адвокат ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы, 3) т. сәйкес, оның адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы өтінішхат бере отырып, адвокаттар алқасынан шығарылуға жатады.
Ал біз, өз кезегімізде, әріптестерімізге сәттілік тілейміз!