ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ «АДВОКАТ» ОРНЫН АУЫСТЫРАДЫ МА?
Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, № 2 заң кеңесінің адвокаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетінің «Азаматтық құқық, азаматтық процестік және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, адвокат Омиртай Роза Назарбаев атындағы Интеллектуалдық мектебінің химия және биология бағыты бойынша білім алушы оқушыларымен кездесті.
Кездесу «Аналар жолы» жобасы аясында «Мамандық таңдау» тақырыбында өрбіді. Мамандық таңдаудағы ескерер факторлар, мамандық таңдаудағы еркіндік, мамандық таңдаудағы ата ананың рөлі, жасанды интеллектінің мамандыққа әсері т.б маңызды сұрақтар талқыланды. Оқушылар белсенді қатысты.
Мамандықтардың ішінде адвокаттық қызметтегі:
- адвокаттың тәуелсіздігі;
- адвокаттың еркіндігі;
- адвокаттық қызметтегі жетістікке жету;
- адвокаттық қызметтің маман ретіндегі ерекшелігі сияқты маңызды сұрақтар талқыланды.
Адвокат Омиртай Розамен болған кездесі екі сағатқа созылды. Жасанды интеллект адвокат қызметін ауыстыра ала ма? – деген сұрақ аясында пікір-талас қызу өрбіді. Оқушылардың пікірінше: «жасанды интелект адамның орнын, тіптен адвокаттың орнын алмастыра алмайды, жасанды интеллектіде сезім, жанашырлық, ақыл -ой өрісі адам сияқты болмайды».
Назабаев атындағы химия биология бағытындағы білім алушы оқушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің Заң факультетіндегі «заңгер» мамандығына да қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.
Адвокат Омиртай Розаға белсенді кездесу өткізгені үшін Назарбаев атындағы Химия-биология бағытындағы Интеллектуалдық Мектеп ұжымы директоры атынан алғыс хат табысталды.