АҚАА Адвокаттардың тәжірибе жинау және біліктілігін арттыру орталығының қабырғасында Алматы қалалық адвокаттар алқасының 50 жылдығына арналған пікірсайыс турнирі өтті
2023 жылдың 2 қыркүйегінде АҚАА Адвокаттардың тәжірибе жинау және біліктілігін арттыру орталығының қабырғасында Алматы қалалық адвокаттар алқасының 50 жылдығына арналған пікірсайыс турнирі өтті.
Бұл турнирге жеті команда қатысты:
– Двое в лодке;
– ЮК №12;
– Семёрка;
– ЮК №6;
– ЮК №2;
– ЮК №8;
– Бони и Клайд.
Ойындардың тақырыптары:
– Адвокатураға кіру барлығына бірдей болуы керек;
– Адвокаттың қару алып жүру құқығы;
– Адвокаттың қызметін мемлекеттік лицензиялау-адвокатураның жалпы сипатына қайшы келеді;
– Адвокат-тәуелсіз тұлға;
– Адвокаттың қызметіне қолсұғылмаушылық;
– Адвокат және кәсіпкерлік қызмет.
Соңғы ойында «Двое в лодке» және «Бони и Клайд» командалары бәсекеге түсті. Үш раундтық тең және ымырасыз күрестен кейін төрешілердің біріккен шешімімен жеңісті Александр Каплан мен Руслан Анарбековтен құралған «Двое в лодке» командасы жеңіп алды.
Турнирге «Адвокат» пікірсайыс клубының қонақтары төрелік етті:
– Ануар Шакарим, актерлік өнер және шешендік өнер мектебінің жетекшісі;
– Тимур Шамои, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма бастығы;
– Алия Кадырова, ұстаз, оқу орталығының меңгерушісі.
Турнир қатысушыларымен пікірсайыс жүргізген сарапшылар АҚАА адвокаттары Салимжан Альмуратович Мусин және Владимир Ильич Турамшев болды.