Алматыда «Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы» тақырыбында кезекті дөңгелек үстел өтті.

202309.05
0

2023 жылдың 26 ​​сәуірінде Әуезов ауданының № 2 аудандық сотында «Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы» тақырыбында офлайн режимде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысында  Алматы қаласы Әуезов ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы мен судьялары, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары (бұдан әрі мәтін бойынша – АҚАА), Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігінің өкілдері, Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі, «Халықаралық медиация орталығының» медиаторы қатысты.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚР Заңының кейбір мәселелері бойынша АҚАА адвокаттары Ж. Б. Досжанов, және К. Б. Утебекова баяндама жасады.

Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі өз сөзінде Қазақстан Республикасы азаматтарының соттан тыс банкроттық рәсіміне егжей-тегжейлі тоқталып, кейбір статистикалық деректерді келтірді. Мәселен, Алматы қаласы бойынша соттан тыс банкроттық шеңберінде банкрот деп тану туралы 3500 өтініш беріліп, оның ішінде 522 өтініш бойынша соттан тыс банкроттық рәсімі басталған, ал 598 өтініш тексеру сатысында тұр, қалғандары кері қайтарылған.

Дөңгелек үстел барысындағы талқылауда Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары Н.В. Кусяпова және Б.К. Рыспекова «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚР Заңы толық көлемде жұмыс істемейтініне назар аударды. Олардың айтуынша, қатарынан 12 ай ішінде қарызды төлемеу сияқты басты щшарттардың бірі барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін, сондай-ақ зейнеткерлер үшін қолданылуы мүмкін емес шарт болып табылады. Себебі аталған тұлғалардан атқарушылық іс жүргізу шеңберінде олардың жалақыларынан, зейнетақыларынан және өзге де кірістерден ақша қаражаттарын ұстап қалу автоматты түрде жүргізіледі.

Талқылау барысында сонымен қатар мемлекеттік кірістер департаментінің әрекетіне шағымдану мәселелері, кепілгерлердің банкроттығы, сондай-ақ қарызды сотқа дейін реттеу мәселелері де талқыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.