«Бизнес өкілдеріне, сондай-ақ сарапшылар мен аудиторларға қатысты заңнамаларды бұзу және сақтамау» тақырыбында дөңгелек үстел.

202324.04
0

2023 жылы 21 сәуірде Алматы қалалық соты «Бизнес өкілдеріне,  сондай-ақ сарапшылар мен аудиторларға қатысты заңнамаларды бұзу және сақтамау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қалалық сотының судьялары, Алматы қаласы аудандық соттарының төрағалары, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары, Алматы қаласының аудандық прокуратура бөлімдерінің прокурорлары, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті, Экономикалық тергеу департаментінің, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Алматы қалалық соты бизнес өкілдері мен сарапшыларға қатысты Алматы қаласы бойынша қаралған қылмыстық істердің статистикасын жариялады: 2020 жылы – 78 іс, 2021 жылы – 86 іс, 2022 жылы – 95 іс; 3 жыл ішінде Алматы қаласы бойынша 2 ақтау үкімі шығарылды. Бизнес өкілдеріне қатысты жасалатын қылмыстар бойынша жауапкершілікке тарту жүзеге асырылатын ҚР ҚК негізгі баптары: 189, 190, 214, 216, 217, 233, 245. Сонымен қатар үш жыл ішінде екі процессуалдық келісім жасалынып, екеуі де сот арқылы прокурорға қайтарылғандығы; қарастырылып отырған саладағы процессуалдық келісім институты іс жүзінде жұмыс істемейтіндігі жөнінде мәлімделді.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамаларында: бизнес өкілдеріне қатысты қылмыстық істерді прокурорға қайтару негіздері; Қылмыстық процесте кедендік, салықтық әкімшілендіру нормаларын имплементациялаудың проблемалық мәселелері; бизнес өкілдеріне қатысты қылмыстық істер бойынша сот тәжірибесі туралы айтылды. 

Адвокаттар талқылауда заңда басқа да бұлтартпау шаралары (үй қамағына алу, кепіл) барына қарамастан, экономикалық қылмыстар бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын жиі тағайындауға байланысты проблемалық мәселелерді, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде барлық құжаттаманы алып қоюға, шоттарды бұғаттауға, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде дәлелдемелер жинау сапасына, тергеу органының арызда баяндалған фактілерден бөлек, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінен шығуына байланысты проблемалық мәселелерді қозғады. Сондай-ақ тергеу органдарының жауапкершілігін күшейту қажеттігі және жоғары тұрған органның іс-әрекеттеріне шағым жасалған адамның өзіне мәні бойынша қарау үшін шағымды жіберу практикасын болдырмау қажеттігі айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.