24-25 ҚАРАШАДА АЛМАТЫДА «ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ САЙЫСТЫЛЫҒЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

202206.12
0

Іс-шараға Республикалық және Алматы қалалық адвокаттар алқасының, Жоғарғы Соттың, USAID және American Bar Association ROLI, Бас Прокуратураның, қазақстандық және халықаралық сарапшылардың өкілдері қатысты.

Баяндамашылармен қылмыстық процесте сайыстылық қағидатын іске асыру, тергеу судьяларының шағымдарды қарастыру барысында құқық қолдану тәжірибесі, іс жүргізу прокурорларының рөлі мен тиімділігін арттыру, іс жүргізу келісімдерін жасасу мәселелері қозғалды.

Төрағалық етуші Әбдірашид Жүкенов айыптаушы мен қорғаушының тең құқықтары сот процесінің сапасын қамтамасыз ететінін және сот тәжірибесінен нысаналылық қағидаты бойынша үкім шығаруды алып тастайтынын атап өтті.

Қатысушыларға қылмыстық процесте сайыстылықты қамтамасыз ету аясында сотқа қылмыстық іс жүргізу заңнамасының елеулі бұзушылықтарын жою үшін істерді прокурорға қайтаруға өкілеттік беретін ҚІЖК 323-бабын алып тастау жоспарланғанын хабарлады, бұл тараптардың тең құқығына ғана емес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, прокурорлық қадағалаудың сапасын арттыруы да тиіс.

Қатысушылар қылмыстық істерді тергеу және қарау барысында өкінішке орай, мемлекеттік айыптаушылар арасында қолдау таба бермейтін келісу процедуралары институтының маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан ҚІЖК процессуалдық келісім жасасудың негіздері мен шарттары шектеулі және оны толық көлемде қолдануға мүмкіндік бермейтіндігімен келіспеуге болмайды.

Қылмыстық-процессуалдық кодексте кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы және ынтымақтастық туралы келісім нысанындағы процессуалдық келісімдерінің тек екі түрін жасасу мүмкіндігі көзделген.

Келісу процедурының маңыздылығы мен елелулі дәрежесін ескере отырып, прокуратура келісімдер жасасу шарттарын кеңейту туралы ұсыныс жасады, мысалы, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты жаза мерзімін төмендету түрінде, мысалы, рақымшылық жасау жағдайында.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға ұсынымдар жобасы ұсынылды, ол қосымша талқылаулардан кейін Әділет министрлігінің Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалды Кодекстерді тексеру жөніндегі Жобалау кеңсесіне жіберілетін болады.

Қызу талқылауға себеп болған кейбір ұсыныстарды атап өту керек.

Мысалы, айыптауды қолдау және сотта қорғауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді сапалы және тиімді орындағаны үшін тараптардың жауапкершілігін күшейту туралы ұсыныс адвокаттардың дәлелді сөздерінің қорытындылары бойынша ұсынымдар жобасынан алынып тасталды.

Құқық қорғау органдарының тұтқындауға санкция алу мақсатында күдіктілерге қатысты «ауыр» саралауды тағайындау бойынша қолданыстағы тәжірибесі тергеу судьяларының өкілеттіктерін кеңейту нәтижесінде тоқтатылатын болады.

Болашақта судьялар қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берген жағдайда күдіктінің іс-әрекетіне тағайындалған саралаудың нақты деректері мен мән-жайларға сәйкес келуін тексерулері тиіс.

Сонымен қатар, келесі ұсыныстарға бірауыздан қолдау көрсетілді:

– өздеріне сәйкес айыптау және қорғау тараптарының дәлелдерін жинау және олқылықтарын өз бастамасы бойынша толтыру міндеті сотқа жүктелген тараптардың сайыстылығы мен тең құқықтылығы қағидатына қайшы келетін қылмыстық-процессуалдық нормаларын алып тастау;

– процессуалдық келісім жасасу, тараптардың татуласуы үшін негіздер мен шарттарды кеңейту;

– істерді ҚІЖК 323-бабының тәртібімен прокурорға қайтару институтын жою;

– іс бойынша шешімнің соттың қатысуынсыз, тек алқабилердің қабылдауын көздейтін алқабилер сотының классикалық моделіне көшу;

– істі бірінші сатыдағы соттың жаңа сот қарауына қайтару мүмкіндігін болдырмайтын «толық апелляция» институтын кеңейту;

– СДТБТ дерекқорында жаппай тіркеуден бас тарту, ҚІЖК 106-бабының тәртібімен оның нәтижелеріне шағымдану құқығымен тергеуге дейінгі тексеруді енгізу;

– сотқа дейінгі тергеуді бастапқы кезеңге -процессуалдық тексеруге және негізгі – алдын ала тергеу және анықтауға бөлу;

– ұйымдасқан топ пен қылмыстық қоғамдастық құрамында қылмыс жасады деп күдіктелген тұлғаладан өзге бизнес және кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданудан бас тарту;

– прокурордың тараптардың татуласуына және кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процессуалдық келісімін жасасуна байланысты қылмыстық істі тоқтатудан бас тарту туралы қаулыларына шағымдану түрінде ҚІЖК 106-бабының тәртібімен шағым беру негіздерін кеңейту.

Заңнамада сайыстылық қағидаты процеске қатысушылардың тең құқықтары мен міндеттеріне кепілдік бере отырып, қылмыстық процестің негізін анықтап, іргелі орынға ие болуы керек.

Барлық айтылған ұсыныстар сайыстылық пен тең құқықтың декларативті қағидаты тек «жұмыс істейтін» ғана емес, сонымен бірге әділеттіліктің негізі – қателесу құқығынсыз әділеттілікке айналуына бағытталған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.