АҚАА ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Алматы қалалық адвокаттар алқасының алаңында прокуратура органдарымен өзара әрекеттесуді жетілдіру аясында сот және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу жөніндегі Мониторингтік топ мүшелерінің Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуроры Абдрахманов Бауыржанмен жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесуге АҚАА Төралқасының мүшелері Гүлнара Байғазина мен Сәлімжан Мусин, № 1 Заң консультациясының меңгерушісі Валентина Кременцова және №12 консультацияның өкілі адвокат Мусина Гүлнара және өкілдер қатысты.
Адвокат Бауыржан Рақымжанов сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының үш буынды модель шеңберінде прокурорлар санкциялық материалдарды сотқа жібергенге дейін келісетін күзетпен ұстау түріндегі күдіктілерге қатысты адвокаттар мен сенімгерлердің қатысуынсыз бұлтартпау шараларын сайлау туралы негізсіз өтінімхаттарға бастамашылық жасау мәселесін көтерді.
Прокурор ең қатаң бұлтартпау шарасын сайлау туралы өтінімхаттарды қарастыру барысында Алматы қаласының Медеу ауданының прокуратурасында енгізілген тәжірибе мысалында қорғаушы мен күдіктінің дәлелдерін зерделеуді ұсынды.
Заңсыз ұстау, азаптау, қорғау құқығын шектеу жағдайында азаматтардың конституциялық құқықтары мен адвокаттардың құқықтарының бұзылуына жедел ден қою, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды және ҚР ҚПК 105-бабының шеңберінде берілген өтінімхаттарды және ҚР ҚПК 193-бабының тәртібімен анықталатын прокурордың айрықша құзыретін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына сотқа дейінгі шешім қабылдау мәселелері талқыланды.
Алматы қаласы Жетісу ауданының аумағында кезекші прокурордың +77470444612 телефон нөмірі бойынша тәулік бойы қадағалауды жүзеге асыру тәртібі анықталды.
Сындарлы диалог қорытындысы бойынша жұмыс кездесулерін тұрақты негізде өткізу, сотқа дейінгі тергеу және сот ісін жүргізу шеңберінде азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын бұзушылықтарды жою мақсатында одан әрі өзара әрекет етуді жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.