«Ерен еңбегі үшін»

202409.12
0

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №725 Жарлығымен Қазақстан адвокатурасы күніне орай Байгазина Гүлнар Бәкірқызы мемлекеттік марапат – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Қазақстан адвокатурасы күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара барысында азаматтардың құқықтарын қорғауда және елдің құқықтық жүйесін дамытуда адвокаттардың ерекше еңбегі атап өтілді.

Алматы қалалық адвокаттар алқасының төралқасы Гүлнар Бәкірқызын осы кәсіби еңбегіне берілген жоғары бағамен шын жүректен құттықтайды! Бұл марапат – адвокатураны дамытуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосқан зор үлесіңіздің лайықты бағасы.

Сізге одан әрі табыстар, мықты денсаулық, амандық және еліміздің игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.